Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  82


Автор: Темір МЫҢЖАС

ТОЙ ЖЫРЫ

Әні: Амангелді Сұлтанғалиевтікі
Думан келді,
той келді төрімізге,
Ақ тілеу мен шат күлкі-бәрі бізде,
Көптен күткен осынау қуанышқа
Қосылыңыз, кәне енді келіңіз де.
Қайырмасы:
Құтты болсын,
Ағайын келіндерің,
Көтерейік биікке көңіл көгін,
Екі жасқа айтатын тілегіміз –
Махаббатпен өтсінші өмірлерің.
Қуанышта
атасы, анасы да
Апасы да, інісі, ағасы да,
Шаңыраққа жиылды туыс-бауыр,
Бөле, жиен, осында нағашы да.
Қайырмасы.
Бүгінгі той,
ортақ той екі жасқа,
Шаттануда әнеки, құда жақ та,
Мұндай күнде негіз жоқ өкпелеуге
Әнді баста, ағайын биді баста.
Қайырмасы.
Ақ тілектің
айтылар жөні барда,
Қапы қалма ағайын, сөзді қамда,
Жарып шығар жүректі жақсы лебіз
Осындайда керек қой, осындайда.
Қайырмасы.
Бүгінгідей
Асқақтап әніміз де,
Жарасымды сән кірсін, сәнімізге.
Үйіңізге аққудай келін түсіп,
Кенеліңіз шаттыққа бәріңіз де.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу