Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  110


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҚАРЛЫҒАШЫМ-ҚАРЫНДАСЫМ

Шын сүйген мөлдір аспанын,
Жер-суын, тауын, тастарын,
Қуанып тұрам көргенде
Даламның қарлығаштарын.
Желтоқсандағы ызғарда
Шарқ ұрған рухы құздарға,
Мен сонда тәнті болғанмын
Қаракөз қазақ қыздарға.
Жақын туған-ау жаныма,
Салқам даламның бағына,
Ризамын, тәңір, ризамын
Осы екеуінің барына.
Жел қанат қарлығашым-ай,
Елге абат қарындасым-ай.
Даламның құты – өздерің,
Қағыңдар қанат, жасымай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу