Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  90


Автор: Темір МЫҢЖАС

Бұл өмірден алып кетер еншім жоқ...

Бұл өмірден алып кетер еншім жоқ,
Бәрі, бәрі, ертең бәрі қалады,
Менің өткен жолдарымнан кеміс іздеп,
Болмасын тек көңіліңнің алаңы.
Жатыр, әне, менің жүрген іздерім,
Ғашық болдым, өлең жаздым, егілдім,
Ала таңнан үмітімді үзбедім,
Ақ қағазға қара өлең боп төгілдім.
Керегі жоқ атақ, байлық, мансаптың,
Күнгейі аз ит-тірліктен шаршадым,
Есірік-күн есімді алып, сан соқтым,
Сезбеппін-ау не екенін аңсарым.
Көкірегімнен көк кептері өлеңнің
Ұшып кетсе, қондыра алмай алаңмын.
Құлағаным осы, міне, көр енді,
Жел соққандай жапырағымнан тоналдым.
Бұл өмірден алып кетер еншім жоқ,
Алқымдама, тас-тағдырдың қолдары,
Пенделіктің ауылын тастап, келші іздеп,
Өзімді емес, сөзімді тап болғаны..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу