Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  85


Автор: Темір МЫҢЖАС

ӘН САЛ, ТАҒЫ

Әнші –сазгер Айткүл Әбдіразақоваға
Сен ән салсаң,
Аспаным ашылғандай,
Ақ жаңбырым дүркіреп басылғандай,
Бозаң дала сұлудай сылаң қағып,
Жусан исі әтір боп шашылғандай.
Сен ән салсаң,
Каспийім толқынданып,
Ақ шағала төсінде жарқыл қағып,
Шұғыламен астасқан көк теңіздің
Көкжиегі көз тартар алтынданып.
Сен ән салсаң,
Рухым көтеріліп,
Жігер алам тау-тасты кетер үгіп,
Ал, жүрегім айналып жанартауға
Алауынан жатардай от өріліп.
Ән сал, тағы,
Аңсайын, сағынайын,
Әуеніңе жіпсіз-ақ таңылайын,
Осылайша қанаттан, қалықтап ұш
Серігіңе айналып лағыл әнің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу