Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  133


Автор: Темір МЫҢЖАС

“Бәрі де өтер-кетер, ұмытылар”...

“Бәрі де өтер-кетер, ұмытылар”,
Деп жүргенде фәниде кім ұтылар?
Ал қазір өн бойыңда тұтасқан бір
Кикілжің, күйбең тірлік уыты бар.
Уақыт өте өткеннен елес қалар,
Пендешілік алдағын кім ескерер.
Адалдығың, кісіге жақсылығың
Еске түссе көңілде нұр ұшқындар.
Өкіндірер ақылсыз, жаңсақ қадам,
Сеніміңе жылан боп кірген адам,
Қардай ақ пейіліңді таптағандар,
Түсінбеген ісіңді өңкей надан.
Бір күнгідей болмайды өтер бәрі,
Дәм таусылса, кетер жас, кетер кәрі,
Жиған дүние, ішкен ас жолдас болмас
Тірліктегі сыйластық – өмір мәні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу