Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  135


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҚАЙРАН ЖҮРЕК, ШАБЫТ БЕР

Қайран жүрек, шабыт бер құйындаған,
Нөсер өлең төгейін тыйылмаған.
Шөл даладай кезеріп жүрмін қазір
Көктемеде бір тамшы бұйырмаған.
Шабыт болсын ұсынған сыйың маған,
Соны берші, сол үлкен бұйым маған.
Тойдан кейін бос қалған дастарханның
Ыдысындай ойларым жиылмаған.
Ұстай алмай шабыттың дүр пырағын,
Мазаң ойдың күтемін бір тұнарын.
Қайран жүрек, шабыт бер, тұтанайын,
Отауымда жағайын жыр шырағын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу