Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  64


Автор: Темір МЫҢЖАС

ЖҮРЕГІМНЕН ЖЫР ТӨГІЛСІН

Жаным менің, жүректі мұңға орап,
Жарық күнді қараңғы түнге балап,
Жабырқамай, еңсеңді түзу ұста,
Жаңылған жан түзелсін бізге қарап.
Жүрген жоқпыз байлық пен мансап қуып,
Жалғандықты жамылып, жаңсақ күліп.
Жолымызда жолыққан қиындықтар
Жапырылар әрдайым, болсақ биік.
Жабырқама, жаныңа күлкі егілсін,
Жанарыңнан жарқырап күн көрінсін.
Жазғы таңдай көңіліңді ашып жүрші,
Жүрегімнен жаңбыр боп жыр төгілсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу