Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  89


Автор: Темір МЫҢЖАС

Қос тұлымың көзді арбап...

Қос тұлымың көзді арбап,
Жүрген кезден білемін
Қызғалдақтай бүр жарған
Уылжиды гүл ернің.
Мойыл көзбен аймалап,
Жүрегіңмен сүйгендей
Ақ толқындай асықты
Мойыныма білегің...
Діріл қақтың қолымда
Қолға түскен еліктей,
Қос анарың тепкілеп
Көкірегің – көріктей.
Шырмауында сезімнің
Бірге адасып, табылдық
Сабасына түскен соң
Құйын көңіл желіккен..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу