Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  78


Автор: Темір МЫҢЖАС

САҒЫНҒАН ШЫҒАР...

Жағада тұрмыз екеуміз ғана...
Теңіздей мына тербеліп
жатты қос сезім.
Ғашықтар жырын шертеді жаға,
Шертеді теңіз, толқынмен
толғап көк төрін.
Аспанда біздің сырымызға ортақ,
Ай аунап бара жатқан-ды,
Қараада* тұрды мүлгіп бір сол шақ,
Махаббатқа орап жастарды.
Жұлдыздар тұрды жымыңдап көктен,
Шашылған мың сан моншақтай.
Жағалау сол бір қымбат ед неткен,
Есімнен кетпес сол шақтай.
Көп болды, сәулем, жағаға сол бір
Бармадық қайта жаяулап.
Бұл күнде біздің жанарда мол жыр
Біргеміз мәңгі, көңіл шат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу