Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  84


Автор: Темір МЫҢЖАС

МЕН СЕНІ ГҮЛГЕ БАЛАДЫМ

Әні: Айтгүл Әбдіразақованікі
Аққудай көркем, еліктей ерке қарағым,
Маған не мұнша жанардың сұғын қададың,
Мойыл көздерің тұрса да бір сыр ұқтырып,
Мерген боп қалдым, тастаған жерге жарағын.
Көргендей бейне даланың аппақ маралын,
Мен дағы саған қайта да қайта қарадым.
Қашаған шабыт еркімді аулақ қашты алып,
Сарбаздай болдым алдырған жауға қамалын.
Мен сені бір тал қызғалдақ гүлге баладым,
Уақыттан ерте үзілмесін тек сабағың.
Тіл де қатпадым, сол оймен ұзап кеттім мен,
Аққудай көркем, еліктей ерке, қарағым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу