Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  183


Автор: Темір МЫҢЖАС

СЕНІ ІЗДЕДІМ

Әні: Жалғас Кеңесовтікі
Сені іздедім, жан ерке, таба алмадым,
Көңіл аулап қасыңа бара алмадым.
Күндіз-түні елес боп көз алдымда,
Үміт үзіп мен сенен қала алмадым.
Қайырмасы:
Сені іздедім, сені іздедім
өр Каспий жағасынан,
Сені іздедім, сені іздедім
ақ қайыңдар арасынан.
Сені іздедім, сені іздедім.
Өзің жаққан отыңды сөндіре алмай,
Жүрегімді еркіме көндіре алмай,
Сені іздедім, жан ерке, сені іздедім,
Күн кешемін мен сенсіз енді қалай?
Қайырмасы.
Сен жанымның байлауы, жалауысың,
Гүл сезімнің мендегі алауысың.
Жүрегімнің төрінен орын алған,
Көңілімнің сен ғана қалауысың.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу