Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  176


Автор: Темір МЫҢЖАС

Ағарып таң атқанда...

Ағарып таң атқанда,
Ақ саумал леппен
тыныстап ауылым жатқанда,
Таласып таңмен
поездар шеру тартқанда
Мен сені іздедім.
Күн қонақтағанда шатқалға,
Қарт Каспий мүлгіп,
тұнжыр бір ойға батқанда,
Тізілген үйлер
біртіндеп шамын жаққанда
Мен сені іздедім.
Тереземнен күміс ай
Күлім қаққанда,
Көк зеңгір аспан
жұлдыздан алқа таққанда,
Мұңайып жаным,
жалғыз қалған шақтарда
Мен сені іздедім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу