Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  104


Автор: Темір МЫҢЖАС

Әулиелі мекен, сәйгүліктердің ізі бар...

Әулиелі мекен, сәйгүліктердің ізі бар,
Көбейді жұрт та бұл күнде саған қызығар.
Қайқы қылыштай қара шалдардың орнында
Намысқой ұлың ішінен тынып, қызынар...
Өзіңде жатыр қоймасы небір деректің,
Дегенмен, көпке қазынаң үшін керексің.
Дымын қалдырмай сөліңді сорып алған соң
Қауіптенемін, іздемей ме деп сені ешкім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу