Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  111


Автор: Темір МЫҢЖАС

ОРАЛҒАН

Оралман деме,
оралман емес, оралған,
Өзіңдей ол да
Қазақ қанынан жаралған.
Саумал самалдан,
қымыран қырдан нәр алған.
Тағдыры тайқып,
Басы ауған жаққа жол алған.
Оралман деме,
оралман емес, оралған,
Нәубетте сонау
дүниеге тегіс таралған.
Арпалыспенен,
қантөгіспенен
күн кешіп,
Үш милионы
өлген, жіткен, жоғалған.
Оралман деме,
оралман емес, оралған,
Ата-баба... мінәжатымен оянған.
Дұшпаныңды да,
қыспағыңды да жоя алған.
Оралман деме,
оралман емес, оралған,
Қазақстанда
тоғысты бүгін сан арман.
Қаласаң дағы,
қаламасаң да күні ертең
Алады орын араңнан.
Оралман деме,
оралман емес, оралған,
Шаттықтың лебі
шалқысын бозаң далаңнан,
жеріңе өт де,
еліңе жет де сен оған
Тәуелсіздікпен жаңарған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу