Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  112


Автор: Темір МЫҢЖАС

ШЕКАРАДА

Арғы бетте түрікмен тұр,
Бергі бетте қазақ тұр,
Ары өту де бері өту –
Таусылмайтын азап бір...
Ей, тағдырым, не дейін
Осылайша мазақ қыл.
Арғы бетте – ауылым,
Бала дәурен сағымы.
Қалып қойған бауырым,
Әке-шеше қауымы.
Бергі бетте – Отаным,
Жері жеті атаның.
Өз аспаным, өз далам
Шын шаттыққа батамын.
Арғы бетте түрікмен тұр,
Бергі бетте қазақ тұр.
Барайыншы бауырға
Көрейінші азап бір.
Ей, тағдырым, не дейін
Мазақ қылсаң, мазақ қыл.
Әкіреңдеген немеден
Тек тезірек азат қыл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу