Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  86


Автор: Темір МЫҢЖАС

ЖАҢАӨЗЕНДЕ, ОН ЖЕТІНШІ МАУСЫМДА

Әні: Айтгүл Әбдіразақованікі
Тарихыңда төтеп берген сан сынға,
Ерлік бар-ды, елдік бар-ды халқымда.
Өршіл ұлан, мұны әлемге танытқан,
Жаңаөзенде, он жетінші маусымда.
Тектілік бар ата-баба салтымда,
Алатаудай асқақ содан даңқым да.
Қасиетін жоғалтпадың қазақтың,
Еңсе басқан қасіретті маусымда.
Найзағайдай жарқылдадың, бұлқындың,
Төсін тілдің қара түнек бұлтыңның.
Дүбіріңнен таңдар атып жап-жарық,
Дабылыңнан жетті арайы нұр-күннің.
Сендерсіңдер – жер иесі, нар тұлға,
Ерлік мұра ұрпақтарға айтуға,
Боздақтарын еске алады жыл сайын,
Жаңаөзенде, он жетінші маусымда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу