Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  160


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҚҰТ БОЛЫП ҚОНСЫН ЖЕТПІСІҢ

(Маңғыстау ауданының 70 жылдығына)
Маңғыстауымның биікке атын көтерген,
Сен дабыл қақсаң, қырандай самғап жетем мен.
Жетпіс асса да жалаулы шақтан аумаған,
Өмірде мен де өзіңе ұқсап өтер ме ем?!
Бұлдырап жылдар артыңда қалып сағымдай,
Кемелге келдің, жолынан Хақтың жаңылмай.
Бүгінде міне, шаңырағыңа бақ қонып,
Жетпіске толып, желпініп тұрсың абыздай.
Уақыт көшімен өттің сен талай кезеңнен,
Қасиетіңді де, қасіретіңді де сезем мен.
Бұл күнге жеттің артылған жүгің аумастан,
Төбеңнен бұлт боп төнсе де, нарық безерген.
Көтеріп келген қиын шақтардың тепкісін,
Беу, абызым-ай, қара нар сынды тектісің.
Халқыңның жүгін алшаңдап алға тарта бер,
Береке, бірлік, құт болып қонсын жетпісің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу