Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  88


Автор: Темір МЫҢЖАС

ҚАРАЖАНБАС

“Қаражанбас”,- дейді жұрт-Қаражанбас,
Сақта, Тәңір, болудан қара бармас.
“Қара алтынның” көмбесін жайып салған,
Қазақтың ақ пейілі сенен аумас.
Саған құмар жақын да, жат та бүгін,
Қамын ойлап байлықтан ап қалудың.
Тілеймін мен мұнайлы Қаражанбас
Ұрпақтан соң ұрпаққа сақталуын.
Көңіл құштар қашан да құзар шыңға,
Қайсар жандар бұл жерде шыдар сынға.
Тағзым етем көтерген ел еңсесін
Барлаушыға, бұрғышы, мұнайшыға.
Өмір –мұхит, жүземіз кемесінде,
Хақтағала тап қылма бөгесінге.
Қаражанбас мұнайын бұрқағандар
Еңбегімен қалады ел есінде.
Дейді екен бұл жерді “Қаражанбас”,
Кезі жоқ-ау, асылың бағаланбас.
Бар байлығын ортаға жайып салар
Қазағымның пейілі сенен аумас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу