Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  86


Автор: Темір МЫҢЖАС

Сайын дала, көктемгі көркің ғажап...

Сайын дала, көктемгі көркің ғажап,
Тұскиіздің түрленген кейпінде алап.
Бозаң жусан желкілдеп, дөңгеленген
Қарияның сілкіме бөркін жасап.
Балғын құрақ сусылдап тербеледі,
Бейне теңіз көшкендей өң береді.
Жапырақ сайын күміс шық жылтырайды,
Қолмен қадап қойғандай теңгелерді.
Білем, әлі-ақ бұл қалпың өзгерерін,
Жазираны сарғайған көз көрерін.
Төскейіңде ақ сағым жеңіл қалқып,
Көшпе құмға сай-салаң кез келерін.
Мейлі, тіпті іздемен жер дарасын,
Айнымас саған ғашық көзқарасым,
Көктеміңмен, аптабың, ақпаныңмен,
Сен мен үшін бөлінбес ен даласың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу