Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  85


Автор: Темір МЫҢЖАС

Менің жырым

Маңғыстауым, сен деп соғып от-жүрек,
Көкірегімді бір құштарлық тепкілеп,
Мен асықтым бір өзіңе жетсем деп,
Серік болды үміт, сенім, ақ тілек.
Маңғаз өлке, менің алтын кенішім,
Сен деп келдім қанат қақсам – өрісім.
Алға қарай апаратын ұрпақпын
Бабалардың бастап берген өр ісін.
Иә, солай, шежірелім сындарлы,
Парыз білем өзің жайлы жырлауды.
Саған деген махаббатым кеудемде
Бүршік атқан енді, міне, гүл жайды.
Күннен-күнге сен жатқанда жаңғырып,
Мен қуандым жанарымда таң күліп.
Саған әкеп мені жіпсіз байлаған
Арамызда махаббат бар мәңгілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу