Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  81


Автор: Темір МЫҢЖАС

МҰҚАҒАЛИҒА

“Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай,
Жыр жаза алмай жүрмін мен
Расулдай.
Расулдай...
Бағым да жүр ашылмай,
Құсбегінің қолында лашындай...”
Деуші едіңіз,
Биігіңді биікпен өлшедіңіз,
Жақұттай жыр жаздыңыз,
Төбеңізден түнеріп
Төнсе де күз.
Фәниде Расулдай...
Болмадыңыз... болдырмады,
Бұралаңы көп еді жолдыңдағы.
Шуақ іздеп Адамнан шарқ ұрдыңыз,
Шуақтың да артында болды ызғары...
Жазбадыңыз жырларды ермек үшін,
Жаздыңыз топастыққа көнбеу үшін,
Санадағы нұр – сәуле сөнбеу үшін,
Жүректерді жаралы емдеу үшін...
Әрбір жыры
Пара-пар шын асылға,
Мұқа!
Сізді теңгермен Расулға,
Дүниеде қазақ барда
Сіз де барсыз,
Бір ғасырдан жетесіз бір ғасырға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу