Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  84


Автор: Темір МЫҢЖАС

АҚЫН РУХЫНА

Абайға
Тәрк етіп жалғанның сайран бағын,
Серік етіп қалың ой, қайғы орманын,
Кеткеніңмен, рухың шырқау биік
Сен мәңгі тірідейсің, пайғамбарым!
Алдыңда ақ бас таулар еңсерілген,
Асқақ шыңым, әлі де өлшеуі кем.
Өңкей қиқым әлі де тасаланар,
Тіліп түсер сөзіңнің семсерінен.
Кісілік қасиетті ұғындырған,
Сөзің өрт, имансыздың жынын қуған.
Бас құрап ел болмақшы қайран жұртың
Қазаққа керек-ақсың бұрынғыдан.
Білемін, саған мақтау керегі не?
Ұғынар зер салған жан өлеңіңе.
Ауысар бізден кейін талай ұрпақ
Тәнті болып ойыңның тереңіне.
Уақыттан озық шықтың дара самғай,
Ол дағы қалды саған таласа алмай.
Халқыңа жөн сілтей бер ақылманым,
Мәңгілік биігіңнен аласармай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу