Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  143


Автор: Темір МЫҢЖАС

МАХАМБЕТТІҢ ТУҒАН ЖЕРГЕ АЙТҚАНЫ

Айналайын атыңнан, қасиетті атамекенім,
Жауыздарыңнан түңілдім, ал сенен қалай
кетемін?!
Әділет іздеп жалғаннан, хан-сұлтандармен
шайқасып
Ұл боп туған парызымды алдыңда сенің
өтедім.
Туған жерім-бесігім, қиям ба сені басқаға,
Жер басып жүрсем өзіңде, іздемес едім баспана.
Талауға түскен халықтың зарын естігенде мен
түгіл
Жан бітер деуші ем сендегі қара тасқа да.
Кек отына лапылдап, суырдым ақ алмасты,
Өр ұлдарың соңыма еріп, төсіңде дүбір
жалғасты.
Әттең бірақ, Исатайдай қанатымнан айырылып,
Қапы қалдым, айтқанмен орны толмас-ты...
Қасіретті халқыма бақыттың таңын көкседім,
Арманым еді-ау бір көру тәуелсіздікке
жеткенін.
Аспанында даламның өз байрағым желбіреп
Мына түнек заманның дәурені бастан өткенін.
Ей, туған далам, мен сенің келешегіңе
сенемін,
Жасқанбай айтқам сондықтан әділеттің
жеңерін.
Өтінерім: артымнан ерер, ел қорғаны-ұрпаққа
Жетсінші менің алдаспан жырым, сәлемім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу