Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  91


Автор: Төлеген Жанғалиев

Арғымақ

(Ерлан Бәттәшұлы Сыдықовқа)
Аламанға ел қосқан арғымағым,
Алаштан бас оздырып, жанды бағың.
Сенің даңқың, атағың шыққан сайын,
Шуылдап қоя берер оң құлағым!
Себебі Ер мақтаны-Ел мақтаны,
Ел болмаса, Ердің де жанбас бағы.
Шыңғыстауды жайлаған қалың елдің,
Сен дегенде кетеді ойнап қаны.
Таңдайлардың тағы сен-тамсанары,
Таң қалдырар күндерің қаншама әлі.
Қарт Семей, қара Ертістің халқы саған,
«Қол ұзартар ұлым» деп қол соғады.
Қарттар сені сүйеді «қарағым» деп,
Қадіріңді ұғатын қазағың көп.
Бақшадағы балдырған талпынады,
«Ерлан аға сияқты боламын» деп.
Жақсының соңы осылай жарқыл қағар,
Адамда арман бар ма, артында бар.
Кешегі өткен кемеңгер Бәтағамның,
Кемелдігі сәт сайын айқындалар.
Елбасының назары түскен інім,
Ел-жұрты үлкен үміт күткен інім.
Халықтың махаббатын арқалап ап,
Қашанда қыздыра бер, құт-көрігін!
Біз атоммен алысып, жеңген жанбыз,
Жанұяның жартысын көмген жанбыз.
Тәуелсіз ел басында жүре берші,
Тәңірім, тәуба қылып берген Жалғыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу