Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  96


Автор: Төлеген Жанғалиев

Мен өлгенде жылап қалар жұрт қалың...

Мен өлгенде жылап қалар жұрт қалың,
Бірі ақынын, бірі жоқтап ұстазын.
Қарауылға қаптап келер дос, жаран,
Қара баста болған емес дұшпаным.
Төбесіне тік көтеріп Өлеңді,
Алып жүрер адал достар денемді.
Жарығы жоқ жаным жатар сезініп,
«Жақсы ғұмыр кешіп, өлу» дегенді.
Қара жерге қонақ едім мен келген,
Қара аспанға ғайып болар өр кеудем.
Мың жұлдызым қалар жанып артымда,
Бір жұлдызым кеудемдегі сөнгенмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу