Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  92


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ана жылап жатқанда, іні жылап...

Ана жылап жатқанда, іні жылап,
Жылап алғым келеді бірігіп ап.
Маңайымның барлығын тамұқ басса,
Маған да керегі жоқ жылы жұмақ.
Керегі жоқ, керемет қызық, думан,
Тек менің көздерімді қызықтырған.
Ақыл деген көңілдің таразысы,
Көбейсе – көл, азайса – күйік қылған.
Елден ерте егделеу көрінгенім:
Өмір – майдан, мен алғы шебіндемін.
Бетімдегі әр әжім – күрес жолы,
Күресуден бір қадам шегінбедім.
Ар – мұсылман болғанда, адам – кәпір,
Демеймін бәрін жеңіп, болам батыр.
Тамшы тескен тастардың бетіндей боп,
Таңбам қалса тарихта жарап жатыр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу