23.07.2022
  944


Автор: Көмек Ыбрайұлы

БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ (бастауышпен қоштасу сценарий)

Бастауыш сыныппен қоштасу кеші.

 


Зал мерекеге сай безендірілген. Жаймен музыка ойналып тұрады.


Залға ғарыштан келген құлтемір- қонақ кіреді.


 


Құлтемір - қонақ

Мен – мен қайда тап болдым? Қандай елге, қандай мерекеге келдім? Маған кім түсіндіреді екен?


 


1 –жүргізуші:

Сіз Қазақстан жеріне, Ақтау қаласына келіп қондыңыз. Бүгін №21 мектепте бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі өтіп жатыр.


 


Мектеп – алып кемеміз, Білім алып келеміз.


Қош келдіңіз, ендеше, Біз достыққа сенеміз.


 


Болсын дейміз жолыңыз, Марқайыңыз, толыңыз. Ал, ғарышкер ағамыз, Бүгін бірге болыңыз.


 


Балалар:


  • Қош келдіңіз!
  • Бізбен бірге тамашалаңыз!
  • Кейін қайтуға асықпаңыз!

 


 


2–жүргізуші:

 


Гүл жайнаған мектебім, Жас шыбықтай көктедім. Білім нәрін біз алдық,


 


Күлімдесін көкте күн.


 


 


1  –жүргізуші:

 


Ширықтырып, шыңдайсың, Әр көңілде – нұрлы айсың. Құшақтағым келеді, Құшағыма сыймайсың.


 


 


2  –жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қадірменді ата – аналар! Бүгін сіздер бастауышпен қоштасу салтанатына жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр.


 


 


1  –жүргізуші:

 


Бізді өсірген жетектеп, арқалап та, Ұшқын шашып дем берген жан – қанатқа. Қош келдіңіз, қадірлі ұстаздарым,


Қош келдіңіз, ата –ана, салтанатқа.


 


Сонымен, «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу кешін бастаймыз.


 


2  –жүргізуші:

Ендеше сахнаға өнерлі балаларды шақырайық!


 


 


1  – оқушы:

 


Шығармыз талай – талай жолға әлі де, Кезігерміз өмірдің мол дәміне.


Соңғы биі биленер бастауыштың, Бүгін, міне, шырқалар соңғы әні де.


 


 


 


2  – оқушы:

 


 


 



  • – оқушы:

 


Тыңдап ұстаз ақылын, мақұлдаймыз, Тоқтамаймыз, жанамыз, лапылдаймыз. Орта сыныпқа өтеміз, міне, бүгін, Болащаққа бір қадам жақындаймыз.


 


Деген бар: «Білімменен бақ үстелер, Жақсының шарапатын әр істе көр!» Бір ұстаз сабақ берсе бастауышта, Ертең – ақ көп мұғалім дәріс берер.


 


4  – оқушы:

 


Білім жамап ілгері сан аттаппыз, Ұстазға арнап бүгін ән айтпақпыз. Білім негізі – бастауыш деген сөз бар, Сіздерді біз де жерге қаратпаспыз.


 


 


 


 


 


 


5  – оқушы:

 


Жүргенде балақ түріп, жарысып біз, Жатыпты қыс, жаз, көктем ауысып күз. Төрт – ақ жыл дегенменен бастауышты, Бірталай оқулықты тауысыппыз.


 


 


 


6  – оқушы:

 


Бастауыш – емес қой бұл сынақ ақтық, Ұстаздар бойға құйған ұлағат – құт.


«Баланың ісі – шала» деген бар ғой, Жасасақ кешіріңдер, бір ағаттық.


 


 


 


7  – оқушы:

 


Таң атып, күнге құшақ жайғанда маң, Ақ парақта жүзетін қайран қалам.


Жанарымыз нұр шашып қуанушы ек, Ұстаздың жүзін көріп жайраңдаған.


 


«Ұстазым» әні орындалады.


 


 


 


8  – оқушы:

 


Ұстазым, бүгінгі күн күйің қандай, Көңілге өзгеше мұң құйылғандай. Салтанатты мереке дегенменен, Өзіңізбен қоштасу қиын қандай.


 


 


 


9  – оқушы:

 


Жатқандай күн көпіршіп, таң сылынып, Көрермен шәкірттердің жан сырын ұқ. Кешіміз жалғасады әрі қарай, Отыралық күй кешіп, ән сіміріп.


 


 


10  – оқушы:

Ұстаздың жазы да аңыз, қысы да аңыз,


 


Өмірі оның – өнеге, қызығамыз. Мол мейірім, көңілге шуақ төккен, Сіздерге біз ән – гүлін ұсынамыз.


 


Ұстаздарға арналған ән айтылады.


 


 


 


11  – оқушы:

«Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні – өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге, өмір сүруге үйрету, жақсылыққа тәрбиелеу дегенді білдіреді.


 


12  – оқушы:

Ғарышкер аға, мектепке, ата – аналарға, мұғалімдерге арнаған шумақтарымыз ұнады ма? Сіздің өз ғаламшарыңызда оқу мәселесі қалай? Айтып беріңізші, білгіміз келіп тұр!?


 


Құлтемір - қонақ

Бі – біз үл – кен ғаламшарда тұрамыз. Жер шарынан көптеген айырмашылығы бар. Сіздердің әсем табиғаттарыңыз– өзен – көлдеріңізді,тау– шыңдарыңызды, Жап – жасыл орман – тоғайларыңызды көріп таң тамаша қалдым. Бағзы бір замандарда біздің ғаламшар да осы жер сияқты болған деседі.Кейін адамдардың оспадар қимылдарынан экологиялық апаттарға ұшырап, тақырға айналған.


 


12 – оқушы:

Аянышты екен! Сонда не болды?


 


Құлтемір – қонақ:

Біздер ғаламшарымыздың бетінен 70 м.тереңдікте өмір сүреміз.Өйткені күндіз 80 градус ыстық, ал түнде 60 градус қатты аяз болады.


 


Балалар:


  • Адамдар қалай өмір сүреді?
  • Балалар қалай оқиды?
  • Қалай күйіп қалмай жүрсіздер?

 


Құлтемір – қонақ:

Сіздердей жер бетінде алшаң басып жүре алмаймыз(өксиді).Бір қызығы, бізде мектеп атаулы жоқ. Бізде адамдар ғаламторлық жүйемен, үйінде отырып білім ала береді.Тағы бір айта кететінім,біздің көп мүшеміз – темір.


 


 


Балалар:

Не-е? Өкінішті – ақ екен!


 


Құлтемір – қонақ:

Иә, мысалы, жүрегіміз қымбат материал – алтыннан жасалған. Әрине, бізде ғылым сіздердікінен әлдеқайда ерте дамыған.


 


Балалар:


  • Ғарышкер аға, неше балаңыз бар?
  • Сіздерде көп балалы деген ұғым бар ма?

 


Құлтемір – қонақ:

Осы сұрақты қоймаса екен деп едім. Бірақ шындықты жасырмайын. Біздерде, кешіріңдер, бала атаулы жоқ.


 


Құлтемір - қонақ селкілдеп кетеді.


Ме – ен жылай алмаймын.


 


Тағы селкілдеп кетеді.


Айттым ғой, біздер құлтемірміз деп. Өзімізді өзіміз жасаймыз.Сондықтан бізде әйел, еркек деген ұғым жоқ. Ей, жер бетіндегі пенделер, сендер шексіз бақыттысыңдар.жар таңдап, бала сүйесіңдер. Оларды тәрбиелейсіңдер, ержеткізесіңдер, бәрі қызық. Әттең, тек өмірлерің ғана қысқа.


 


Балалар:


  • Сіздерде қалай?
  • Қатты жабырқап кеттіңіз ғой!

 


Құлтемір - қонақ:

Иә, иә... бізде өмір сүру дағдысы өзгеше. Аздаған жылдардан кейін біздер жер бетіне қол ұшын беру үшін қайтып келеміз. Кім біледі, мүмкін алтын жүрек әкеліп, сіздерге салып берерміз.


 


Балаларға қарап, еңкейіп күлімсірейді.


 


Қане,олай болса, алғашқы кезек кімге келер екен?


 


Балалар (жамырап):


  • Апайлар мен ағайларға!
  • Ұстаздарға!
  • Ата – аналарға!

 


 


Құлтемір - қонақ:

Міне, міне... адамгершілік деген осы!


Иә...Думандарыңды жалғастыра беріңдер! Мен көріп тамашалайын.


 


1 – жүргізуші:

Ғарышкер аға, мына әніміз сізге арналады.


 


Өнерпаздар ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетеді.


 


 


1  – оқушы:

 


Бейбітшілік ұраны, Біз жас елдің ұланы.


Жарқын жүзді ұстаздар, Сіздер – өмір шырағы.


 


 


 


2  – оқушы:

 


Сан шәкіртті түлеткен, Өнегесін жыр еткен.


Ұстаздарға мың алғыс, Әр жүрекке гүл еккен.


 


 


 


3  – оқушы:

 


Қаншама қиындықпен таңды атқызып, Сан мұрасын бабалар жалғастырып.


Келесіңдер рахмет, әз ұстаздар, Бойларыңнан есіліп бар жақсылық.


 


Концерттік номер орындалады.


 


 


2 – жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар!


 


Өзге бір мамандықты таңдасамда, Мейлі мен биік ұшып, самғасам да. Өнегелі өмірге жетектеген,


Алғашқы ұстаз ыстық – ау әрқашан да.


 


1 – жүргізуші:

Алғашқы ұстаз! Сіз қандай құрметке де лайықтысыз. Келесі әніміз Сізге арналады.


Концерттік номер орындалады.


 


 


1  – жүргізуші:

Балалар, қане, енді ойынға кезек берелік.


Жүргізушінің ұйымдастыруымен бірнеше ойын ойналады.


 


 


2  – жүргізуші:

 


Өнер биік төрлесін, Күміс күйлер гөйлесін. Қане, қабыл алалық, Ата – аналар сөйлесін.


 


Сөз кезегі ата – аналарға беріледі.


 


 


Оқушылардың орындауында Ш. Қалдаяқовтың


«Ана туралы жыры» орындалады.


 


 


1 – жүргізуші:

 


Құмарымыз қана ма? Ән салдық жаңа да. Кезекті берелік, Ғарышкер ағаға!


 


 


Құлтемір – қонақ:

Ал, оқушылар, ата – аналар, ұстаздар!


Осынау бір жан тебірентер кешке қатысқаныма өте қуаныштымын. Біз ғарыш адамдары өз сезімдерімізді білдіре алмаймыз, яғни айтқанда сендер сияқты күле де, жылай да алмаймыз. Мұндай сәттерде қатты – қатты қозғалып кетеміз. Сіздерге рахмет! Біздер ән салып, күй де шала алмаймыз.


Мектептеріңде ... оқушы оқиды екен. Менің қуанатыным – көпшілігі үздік оқиды деп естідім.Осы үрдіс жалғаса берсін. Сендерге бақытты өмір тілеймін! Келесі келгенде бәріңізге де сыйлық ала келемін. Мен енді өз ғаламшарыма аттанайын.


 


Балалар:


  • Неге асықтыңыз?
  • Мерекеміздің соңы да жақындап келеді.
  • Дайындаған дәмімізден ауыз тиіңіз!

 


Ғарышкер:

Рақмет, айналайындар! Сендердің тамақтарың біздерге ас болмайды. Кішкентай дәріміз бар,күніне біреуін аузымызға салсақ,жетіп жатыр.


 


Қозғалып, кетуге ыңғайланады.


Айналайындар, мен кетейін,себебі ертең біздің планетада Жаңа жыл мерекесін қарсы алу салтанаты болады. Кешті мен жүргізетін едім. Асығыспын. Ал, сау болыңдар! Жақсы оқыңдар!


 


Балалар:


  • Қош болыңыз, Ғарышкер аға!
  • Келесі жылы да келіңіз!
  • Бірнеше алтын жүрек ала келіңіз!

 


Құлтемір - қонақ тағзым етіп, шегіншектеп, есіктен шығып кетеді.


Балалар кешті әрі қарай жалғастырады.


 


1  – жүргізуші:

 


 


 


 


 



  • – жүргізуші:

 


Әр таңды ақ ниетпен атырамыз, Бойын арман кернеген шат ұланбыз. Ал, енді алғашқы ұстаз құрметіне, Бәріңді жалпы биге шақырамыз.


 


Вальс әуенінде би биленеді.


 


Гүл бітсін жолдарына жүріп өткен, Жаны – нұр, дидары – жаз, үні – көктем. Сынып жетекшісіне сөз береміз, Шәкірттер санасына білім еккен.


 


 


Сынып жетекшісі сөз сөйлейді. Оқушылар ән орындайды.


 


«Бастауыш сыныппен қоштасу» Сөзі мен әні: К. Ыбрайұлыныкі.


 


Тәртіпті болып, бестік алып, Дарыттық білім ойға анық. Дауылпаз соғып, кепшік қағып, Кешімізді тойлалық.


 


Біз тәмамдаймыз бастауышты, Бесінші сыныпқа өтеміз.


Жолдарды кешіп асқан ізгі, Бар мақсатқа жетеміз.


 


Қайырмасы: Тұрмай тосылып,


 


Жарқын күйге еніп. Бірге қосылып, Кел, кел, билелік!


 


Өткізген бірге сан айларды, Көңілдерінде таң күліп.


Ұстаздар: апай, ағайларды, Ұмытпаймыз мәңгілік.


Жайқала өскен кілең гүлміз, Жаңалықтарға құмармыз.


Бақытты өмір тілейміз біз, Ұстаздарға мың алғыс!


 


Қайырмасы.


 


 


1 – жүргізуші:

 


Оқушылар,


көбейсін «төрт», «бесіңіз», Ал, ұстаздар, бақытты өмір кешіңіз.


Қимай – қимай қоштасамыз бәріңмен, Осыменен аяқталды кешіміз!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу