23.07.2022
  469


Автор: Көмек Ыбрайұлы

Сценарий: ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ

 


Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді музыка ойналуда.


 


Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті әріптестер, сүйкімді біздің бүлдіршіндер! Бүгін қазақ елінде үлкен той, яғни «1 – Мамыр – Халықтар достығы» күні. Біздің Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олардың бәрі де бір кісінің баласындай өте тату, бір үйдің жандарындай бірлікте тұрады.Сондықтан да біздің Қазақстан үнемі аршындап алға басып келеді.


Құрметті көрермендер, ата – аналар! Сіздерді Ұлы той – 1 – Мамыр Халықтар достығы күні мерекесімен құттықтаймыз! Мереке күнгі салтанаты мызға қош келдіңіздер!


 


Жан біткенді қуантып, Гүлін өпкен, Мамырым. Мейірімге құмар қып, Нұрын төккен, Мамырым.


 


Кеші – күлкі, таң мың ән, Бағын құрған, Мамырым. Кілем жайып шалғыннан, Сағындырған, Мамырым!


 


Берекесін мың құттың, Анық көрген, Мамырым. Мерекесін бірліктің, Алып келген, Мамырым.


 


Гүлін ырғап жайнаған, Мың құбылған, Мамырым. Түрлі құстар сайраған, Жырлы думан, Мамырым.


 


Мерекеге дөп келдің,


 


Мақтан етем, Мамырым. Соңғы айысың көктемнің, Әттең...әттең, Мамырым!


 


И. Нүсіпбаевтың «Мамыр келді, май келді» әні орындалады.


Жүргізуші:

Қане, балалар, енді кім тақпақ оқиды?


Оқушылар мерекеге арнап тақпақтар оқиды.


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


Мамырым арайлы, Күн күліп қарайды. Сағынып сен келдің, Қош келдің, жарайды!


 


Жасантып алаңды, Жасартып ғаламды. Мамырым, тұр бүгін, Құшаққа ап даламды.


 


Тау, дала гүлденіп, Өзгеше түрге еніп. Сайрайды құс біткен, Бір ұшып, бір қонып.


 


Айы бұл – шындықтың, Айы бұл – тың құттың. Айы бұл – достықтың, Айы бұл – бірліктің.


 


Құйып сан баққа нұр, Әр жанды шаттандыр. Қазақтың жеріне, Төрлеші, Ақ Мамыр!


 


Басылмай арының, Жайылсын жарығың. Көгершін самғасын, Әуеңде, Мамырым!


 


Шуағы жағымды, Нұрлантқан таңымды. Жарты әлем тойлайды,


 


Бірінші Мамырды!


 


Жүргізуші:

Өте жақсы, балалар! Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыдыңдар! Енді мен сендерге мынадай сұрақтар қоямын. Мұқият тыңдаңдар!


Жомартпын, бай елмін, Үлгіге сай елмін.


Достықты ту еткен, Айтыңдар, қай елмін?


Балалар: Қазақстан! Қазақстан!


 


 


Жүргізуші:

 


 


 


Балалар: Қазақ елі! Қазақстан!


 


Жүргізуші:

 


 


 


 


Балалар: Қазақ елі! Қазақстан!


 


Шығатын мыңдап ер, Талғамды, ынталы ел. Алыптың мекені – Табыңдар, бұл қай ел?


 


 


 


 


Әскері қырағы, Жігерлі ұланы. Алтай мен Атырау Арасы – тұрағы.


Бұл қай ел?


 


 


Жүргізуші:

Кең байтақ қазақ елінің өздеріңіз айтқандай, жері бай, елі –жомарт екен. Жер аумағының үлкендігі жөнінен әлемде тоғызыншы орында. Халқының саны – 16 миллионнан астам. Мұнда 134 ұлт пен ұлыс тату – тәтті тұрады. Бүгін біздің мерекемізге бірнеше ұлт өкілдері қонаққа келіпті.


 


Ұлттық киімдерін киген бірнеше ұлт өкілдері ойнақы музыка әуенімен ортаға шығады.


Жүргізуші (ұлт өкілдеріне қарап): Мақсатымыз?


 


Ұлт өкілдері:

Достық!


 


Жүргізуші :

Ұранымыз?


 


Ұлт өкілдері:

Қазақстан алға!


 


Жүргізуші :

Туымыз?


 


Ұлт өкілдері:

Шапағын шашқан Күн! Қыранды көк байрақ!


 


Бәрі Қазақстан туралы ән айтады.


 


 


Қырғыз:

 


Аймағы шат, ырысты ел, Тау, құмды өлке, күміс көл. Кең жайлауда бір жүрген, Қазақтарға туыс – мен.


 


 


Ол қырғыздың бір әнін орындайды.


Ортаға өзбек шығады.


 


 


Өзбек:

 


 


 


 


 


Орыс:


 


Ұқсас түрім, тілім де, Ұқсас салтым, дінім де. Достығымыз мызғымас, Жалғасып тұр бүгінге.


 


Ол сазды әуенмен «Өзбек биін» билейді.


 


Куәсіміз көп істің, Қиын шақта болыстым. Қазақтармен көршілес Өкілімін орыстың.


 


 


Тақпағын айтып болған соң, орыс тілінде бір ән орындайды


 


 


Грузин:

 


 


 


 


 


 


Түрікмен:


 


немесе би билеп береді .


 


Доссыз жүрсем, ауырам, Дос келсе егер, сауығам. Тбилиси – астанам,


Келдім мен Қап тауынан!


 


Бұл ұлттың өкілі «Лезгин биін» билейді.


 


Тәуелсіздік тұғырым, Сыйлағанның құлымын. Қазақстан көрші елім, Мен түрікмен ұлымын.


 


Түрікменше ән орындайды.


 


 


 


Әзірбайжан:

 


Ортақ бізге әр ай, күн, Достықты мен қалаймын. Елім Әзірбайжанда, Ассалаумағалейкум!


 


 


Отырған халыққа иіліп сәлем береді.


Әзірбайжан дайындап келген нөмірін орындайды.


 


Ортаға тәжік халқының өкілі шығады.


Тәжік:


Астана мен Алматым, Душанбедей жаннатым. Дәмі тілді үйірер,


Шырын қарбыз, шәрбатым.


 


Өзімен бірге алып келген қауын, қарбызын отырғандарға үлестіреді.


 


Тәжік дайындап келген нөмірін орындайды.


 


Украин:

 


Дүрдараздық – сол қайғым, Бірлікті мен қолдаймын.


Украина елінен,


Сәлем сізге жолдаймын!


 


Жан жүрегі жаралы, Ал, көңілі қаралы.


Ұлы кобзарь Тарасым, Тапқан сізден пананы.


 


 


 


Жүргізуші :


 


Ол украин биін билеп береді.


 


Айымыз бір, күніміз бір, Жүрекжарды үніміз бір. Қара, сары, ақ түріміз бар, Айтар ортақ жырымыз бар.


 


 


дегендей , бүгінгі мереке бәріміз үшін ортақ!


 


Бәрі (хормен):


  • Бейбітшілік жасасын!
  • Достығымыз берік болсын!
  • Ел аман, жұрт тыныш болсын!
  • Жойылсын соғыс!

 


 


 


Жүргізуші :

 


А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін орындайды.


 


Қыз толысып, бозбала ер жетуде, Заманым адамзатты тербетуде.


Гүлге орансын көгілдір планетам, Орнасын бейбітшілік жер бетінде!


 


 


Кездескенше сау саламат болыңыздар!


 


 


 


МЕРЕКЕҢМЕН, АНАШЫМ!


 


Зал мерекеге сай безендірілген. Қабырғада бала құшақтаған ана суреті.


 


«Мерекеңмен, анашым!» деген үлкен жазу, ұшқан құстар макеті, сары, жасыл, көк түсті шарлардан гүл құрастырып ілінген.


 


 


Көңілді әуенмен сәбилер тобы балалары тізбектеліп келіп орындарына отырады.


 


Жүргізуші :

Құрметті аналар, әжелер, әріптестер! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы –



  • – Наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Біздің бүлдіршіндеріміздің, яғни өздеріңіздің балаларыңыздың сіздерге арнаған «Мерекеңмен, анашым!» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар! Мерекелік шарамызды құттықтау сөзімен ашып беру үшін балабақша меңгерушісіне сөз береміз!


 


Балабақша меңгерушісі құттықтау сөз айтады.


 


И. Нүсіпбаевтің «Айналайын, ақ мамам!» әні орындалады.


 


Осы кезде ән салып, Қызыл телпек кіреді.


Қызыл телпек:


  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Ой, қандай әдемі баласыңдар!
  • Қандай құлпырып кеткенсіңдер!

 


Жүргізуші :

Қызыл телпек , біздің балалардың барлығы да әдемі, ақылды, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.


 


Қызыл телпек:

Иә, бүгін көңілді мереке. Мен де әжемді мерекесімен құттықтауым керек. Бірақ әуелі мына әдемі, сүйкімді              балалармен билегім келіп тұр.


 


Бүлдіршіндер «Гүлдер биін» билейді.


Қызыл телпек те олармен қосылып билеп жүреді.


Жүргізуші :

Балалар, аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.


 


 


1  – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


Баламыз күй, ән құмар, Кәмпит, шәрбат, бал құмар. Деген сөз бар тәттірек,


«Алып анадан туар!»


 


 


 


 


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


 


 



  • – бала:

 


Ана – жердің жүрегі, Ана – елдің тірегі.


Бүгін үлкен мереке, Аналардың гүл өңі.


 


Тәуелсіздік – теңдігім, Қуанышты келді күн. Құттықтаймын, анашым, Мерекеңмен мен бүгін.


 


Есейерміз ертең біз, Сан арманға жетерміз. Аналардың ақ сүтін, Ақтай алар ма екенбіз!?


 


Деп тілейміз бәріміз, Атсын нұрлы таңымыз. Құтты болсын мереке, Сегізінші наурыз!


 


 


Осы кезде музыка қатулана түсіп, залға Қасқыр кіріп келеді.


Қасқыр тілін салақтатып, жан – жағына жалаңдайды.


 


Қасқыр:

Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?


 


Оқыс қимылдармен жүріп ырылдайды.


Қызыл телпек балалардың арасына жасырынып қалады.


 


Қызыл телпек:

Көбелектер, құтқарыңдар мені!


 


«Көбелектер биін» билеп, ортаға қыздар шығады.


Қасқыр таңданып басын шайқайды, оқыс отырып, тұрады.


Аңдып жүріп, би бітісімен Қызыл телпектің қасына жетіп келеді.


 


Қасқыр:

А, міне, өзіңе жеттім бе? Менің қарным ашып тұр. Мен сені жеймін!


 


Қызыл телпек:

 


Ей, қасқыр – ау, балалар аналар мейрамын тойлауда. Қане, өнерін тамашалайық!Олар аналарына арнап ән, тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек. Тамашаға қатысып, ойын ойнайық.


Қасқыр:

Егер балалардың өнері маған ұнаса, онда мен саған тимеймін!


Жүргізуші :

Қане, балалар, олай болса, ойын ойнайық!


 


«Кешігіп қалма!» саз – әуендік ойыны ойналады.


 


Жүргізуші :

Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің әжелеріміз де әдемі болып, жайнап кетіпті. Қане, оларға арнаған ән, тақпағымызды айтайық!


 


 


1  – бала:

 


Бізді ылғи құшады, Кеудесіне қысады.


Кіп – кішкентай әженің Қандай үлкен құшағы!


 


 


 


2  – бала:

 


Пейілі қандай кең еді, Ертегі ме керегі?


Дүңгіршекке барғызбай, Әжем кәмпит береді.


 


 


 


3  – бала:

 


Тың ғой олар әлі де, Сүйенбесін дәріге.


Ұзақ ғұмыр тілеймін, Әжелердің бәріне!


 


 


 


4  – бала:

 


Әжеме мен еремін, Маржан сөзін теремін. Достарыммен би билеп, Ән де салып беремін.


 


 


 


5  – бала:

 


Бірге олармен жанымыз, Ортақ жайған дәміміз.


Әжелердің бәрінің,


 


Туған айы – наурыз!


 


«Әжеме» әні орындалады.


Әні: Н.Тілендиевтікі. сөзі: Қ. Мырзалиевтікі.


 


Жүргізуші :

Біздің ұлдарымыз да өте өнерлі. Олар қазір би билеп береді


Би «Робинзон»


 


Жүргізуші :

Балалар, күншуағын шашып, көктем келді. Құстар сайрап жатыр.Айнала түрлі – түсті боялып, әдемі күйге енді. Көктемнің көңілді мерекесіне тамаша ән орындайық!


 


«Көктем келді» әні орындалады.


 


Ән айтылып болғаннан кейін Қызыл телпек өзі алып келген себеттің бетіндегі жапқышын ашып, ішіндегі әр түрлі гүлдерді


балаларға сыйлайды.


 


Балалармен қоштасып, залдан Қасқыр екеуі шығып кетеді.


 


Балалар гүлдерді аналарына сыйлайды. Жай екпіндегі музыка естіліп тұрады.


 


Жүргізуші :

 


Болсын дейді балалар, Бақытты өмір, береке. Әжелер мен аналар, Құтты болсын мереке!


 


 


Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 – Наурызға байланысты әже, аналарымызға арнаған тамаша концерттік


бағдарламамыз аяқталды!


 


Көріскенше күн жақсы болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу