Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  313


Автор: Манарбек Ержанов

КОЛХОЗ-СОВХОЗ КЕШІ

Жұлдыз толы құшағы нұрлы аймағым,
Жүрегімде бір сен деп жырлайды ағын.
Қоңыр ымырт қойнынан көтеріліп,
Сылдыратқан ормандар сыр қайнарын.
Көкірегінен көл тулап шағалалы,
Жатыр ауылым қаптаған бақ алабы.
Қырмандардан жетеді құлағыма,
Қыруар əуен даланың самал-əні.
Қайырмасы:
Жүрегімді тербеткен
Той-думанға толы іші,
Колхозды ауылым еңбек пен
Қуаныштың қонысы.
Колхозды ауылым сəулетті,
Жасыл баққа оранған.
Колхозды ауылым дəулетті,
Болашаққа жол алған.
Қоңырау қағып жан-жақтан атырабы,
Судырлайды көк егін жапырағы.
Қара түнді қақпалап қарсы алдымнан,
Малды отардың оттары шақырады.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу