Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  116


Автор: Манарбек Ержанов

АҚЫНДАРҒА

Басы – алтын бұл өлеңнің аяғы – жез,
Кез болдым бұл сапарда сіздерге тез.
Іздеген сұрағанға душардай-ақ
Ойда жүрген əртүрлі айтылар сөз.
Сырты – алтын бұл өлеңнің іші – күміс,
Шабыста желіс табар жорға жүріс.
Жан жетпес желісіңе сау желгенде
Төтеп берсең жарайды біздің біліс.
Қайырмасы:
Шабыс та бар өлеңде, желіс те бар,
Өріс те бар, əр кезең жеңіс те бар.
Сан жиында, сан жерде айта қалсам
Шабуыма осындай тегіс те бар.
Өлеңде шабыс та бар, жүріс те бар,
Берісі не болмаса алыс та бар.
Тең басқан төрт аяғын жүйрік болсаң,
Нөсер құйып төкпесең намыс та бар.
Бірін-бірі көреді есен кісі,
Қамал бұзып сөйлейді шешен кісі.
Алтын басың қашан да жерде қалмас,
Өзің сыйлап біреуді десең кісі.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу