Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  85


Автор: Баян Тіленшина

Алтын жүрек Ақбаянға

Тіленші би бабаның ақсұңқары,
Қазағымның шамшырақ, текті ұрпағы,
Бастау алған даналық, ізгіліктен,
Керімқызы –аққанат, Ақбаяны.
Тіленші би бабаның пәк тұмары,
Алмас қылыш сөзің бал суырмалы,
Қанаттансаң ұшасың ақбозатпен,
Жыр көмейің төгілер сыңғырмалы.
Құтты болсын туған күн шуақ шашқан,
Әке, ана нұрланып, бақыт тапқан,
Ақ батасын жан әкең берген екен,
Хантәңірі поэзия құшақ ашқан.
Байтақ елім шаттансын өзіңізбен,
Алтын жүрек, нұр сепкін жырларыңмен,
Әлем танып қанықсын сыр сандықтан,
Бір ғасырлық өмір кеш ұрпағыңмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу