Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  89


Автор: Баян Тіленшина

Күз де келді, тағы бір күз кәдімгі....

Күз де келді, тағы бір күз кәдімгі,
Кеміте ме, арттыра ма бағымды?
Жамыраған қозыдай боп жаз кетті,
Қалды елесі жүрегімде жағымды.
Өткен күннің күнделігін жайып сап,
Қарап көрсем алды-артымды байыптап,
Жалындаған жеңістерім қуантып,
Жете алмаған арманым тұр айыптап.
Тағдырымен тайталасып, таласып,
Адам бар ма алдын білген бал ашып?
Тағы ақтарсам естелігін өмірдің,
Біз –берешік, ұрпақ бізден алашық.
Өмір айтты: солары бар көк гүлдің,
Алары бар әлсіздің де кек бір күн,
Эй, ақыным, бойыңдағы дарынды,
Жақсылардың аманаты деп білгін!
Десе егер болашағым жайнасын,
Намысыңның кірсіз ұста айнасын,
Дүниеге әуестенбе, елікпе,
Дүлдүл болсаң, ертеңді ойла... Қайдасың?!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу