Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  87


Автор: Баян Тіленшина

Сонау бір қиын-қыстау күндерінде...

Сонау бір қиын-қыстау күндерінде,
Білімге қол сермеді тереңдете,
Сол кезде-ақ терең оймен ұшқыр киял,
Қостасып, жолдас болды бұл кісіге.
Бата алып әке менен жән анадан,
Нәр алып Отанынан, Партиядан,
Өсірді ол қиялын шыңға салып,
Білімді меңгерумен жастайынан.
Кім десең ерте кезде-ақ белді буған,
Өрімтал сұлу жігіт, өжет туған –
Отырған қақ төрдегі ер жүректі,
Ағамыз Керекең ғой жасқа толған!
Ел үшін, Отан үшін қызмет етті,
Оқытты қыз балаң мен ер жігітті,
Өзінің терең ойын, бар білімін,
Үйретіп жас ұрпаққа силық етті.
Мінеки, қауым жұртым, бүгін таңда,
Жаудырып рахметін ағамызға,
Тойлауда алпыс жасты, туған күнді,
Көрсетіп Керекеңе сый- құрметті.
Болса да шын жүректен құттықтауда,
Көлекең –бірге өскен құрдасың да!
Ініңіз Сеит, Әнуәр, Райханың да,
Иіліп сәлем беред тойыңызда!
Болғайсың абыройлы әр уақытта,
Жәнеде қызмет көрсет Отаныңа!
Шаша түс ұрпақтарға меруертті,
Тілегім, Керім аға, жаса-жаса!
Алпысқа толғаныңыз құтты болсын,
Тойыңа той ұштасып, бақыт қонсын!
Жұбайың Зылихамен татулықта,
Жасаңыз көптеген жыл –ғасыр толсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу