Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  81


Автор: Баян Тіленшина

Балақандар биі

Туц –туц! Цу-цу-цу! Құлыншағым, чу-чу-чу!
Қозы- лаққа барайық, Ботаханды табайық,
Жарысайық, шабайық!
Қайырмасы:
Әйт-чу! Цу-цу-цу! Бал бұлақта су-су-су!
Жиналып кіл балақан, Би өрейік жаңадан,
Ғаламшарға тараған! Әйт-чу!

Бір! Екі! Балақан! Соғайықшы алақан!
Дүбірлетіп жүгіріп, Жазылып, бір бүгіліп,
Би билейік тізіліп!
Қайырмасы
Төрт түліктің баласы, қандай көркем, қарашы!
Алтын тұяқ, ай мүйіз! Жібек жалын тарашы!
Ішінде жоқ аласы.
Қайырмасы
Төрт түліктің төлдері, Жақсы көрем сендерді!
Санайықшы, нешеуміз? –Бұзауханмен бесеуміз!
Сонда, біздер бесеуміз!
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу