Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  305


Автор: Эудженио МOНТАЛE

ТҮТІН ІШІНДЕ

Тостым сені вокзалдан,
күттім сені қаншама,
Суықта да,
тұманда мәлім болдым баршаға.
 Қаңғыдым кеп,
қажетсіз газеттерді сатып ап,
Шылым – досым айнымас, –
Өзгертсе де ат ақымақ.
Шатастым ба пойыздан?
Бәлкім, оны өзгерттің? –
Жүкшілердің арбалы соңдарынан көзді ерттім.
Сенің жүгің жоқ па деп, –
Қалдырдым мен жолынан
Сен әрдайым бәрінің түсетінсің соңынан.
Жүкші артына ең соңғы еретінсің бұлжымай,
Бұл сурет түсіме еніп алды жылжымай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу