Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.07.2022
325

Жаралғандай көбігінен...
Жаралғандай көбігінен толқынның,
Тал бойына салтанаты жарасқан.
Некеленген жат адаммен, адасқан,
Әлі, бірақ торламаған көркін мұң.
Төзгіш жүрек! Тербет шыдам бесігін,
Пайда бермес қайғы шеккен, зарланған.
Асығам деп ада болған арманнан
Сорлы әйелге кешірім ет, кешірім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter