Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  166


Автор: Генрих Гейне

Алтынменен әшекейлеп дөңбекті....

Алтынменен әшекейлеп дөңбекті,
Жылына алман жағымпаздық отына.
Жек көремін жалақор мен жендетті,
Құлдық ұрман аяр, жалған сопыға.
Иіле алман ұрғашыға желетек,
Сәнмен қанша қымтаса да күнәсын.
Даңғой, қанқор әміршінің – пәлекет
Аяғына жығыла алмас бұ басым.
Ел алдымен емен өлер еңселіп,
Күшті болсаң, еселейді ауыр да.
Жел үп етсе қамыс-құрақ теңселіп,
Аман қалар бас шұлғысып дауылға.
Бірақ олар бақыт үшін жеребе
Тастай алмас, жегуді біл кімді іске.
 Сәнді таяқ болсын сәнқой немеге,
Сырық болсын, бәлкім, киім ілгішке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу