Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  94


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

БАҚТЫБАЙ МЕН КӨБЕЛЕК айтысы

Бақтыбай:
Мұның аты Көбелек,
Желмен ұшар ебелек.
Күн жауады себелеп.
Сонау тұрған Нөкістен,
Қалай жеттің дөңгелеп?
Өз елің сені қуды ма,
Аяқ-қолың буды ма?
Кіндік қаның тамған жерді жасырып,
Басқа елге келдің бас ұрып,
Сені құдай ұрды ма?
Сенде бір жүрген сатқынсың,
Қаңғырып өліп қатқырсың...
Көбелек:
Бақтыбай:
Көкала шапан кигіздің,
Көкала атқа мінгіздің.
Сатып алып өрікті,
Көлдекең отыр көрікті.
Кімге апарып бересің,
Маған деген бөрікті?
Сапарым осыменен тəмəм болсын,
Қырғызым жолыққанша аман болсын.
Айта жүрер кейінгі ұрпақтарға,
Тыныштық, əділетті заман болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу