Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  104


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

БАҚТЫБАЙ МЕН САМАЛДЫҚ айтысы

Бақтыбай:
Мөлшері бір мүшелдей жасың алшақ,
Туыпсыз көз жіберіп Абақты алсақ.
Екі құлаш тұрқыңда мінің көп-ау,
Көбін айтпай, кейбірін еске салсақ.
Самалдық:
Көзге қорша сиықсыз жан екенсің,
Қара ішінде данышпан хан екенсің.
Биіктік көзің менен баста тұрған,
Қарлы таудай ызғарлы паң екенсің.
Бақтыбай:
Не болар үш сұңқарға есек таңсақ,
Кейбіреу сөз таратар жұртқа жаңсақ.
Тарихы жеті атаңның алақанда,
Айбатты əкең – Жаңсақ, шешең – Малсақ.
Самалдық:
Бақтыбай, тайталаспай артты қыстық,
Байқасам, жанар таудай демің ыстық.
Мəди, Тəуке қылығын алма аузыңа,
Бұл – үшеу ұямыздан ерте ұштық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу