Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  85


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

БАҚТЫБАЙ МЕН МЕҢЛІБАЙ айтысы

Меңлібай:
– Ей, Бақтыбай, Бақтыбай,
Құдайдың таңы атты ғой,
Пісіп тұрған тары анау,
Жіберілмеген мал анау,
Хор қызындай көріп Жөйітті
Шалжиып, сорлы, жаттың-ау.
Бақтыбай:
– О, Меңлібай, Меңлібай,
Сандалып қайдан келдің-ай?
Берекесін кетірдің
Өзің жүрген жердің-ай!
Тастай қашып төсекті,
Бұрқыратқан өсекті
Саған-ақ, Меке, бердім-ай.
Жаман сөзге бармалық,
Ауызға да алмалық,
Байқап сөйле аңғарып,
Қаңғи берме сандалып,
Ел аузында қақпақ жоқ,
Өсек сөзде жатпақ жоқ.
Меңлібайды жын қуды,
Деген сөзге қалмалық




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу