Өлеңдер ✍️

  18.07.2022
  106


Автор: Поль Элюар

Күледі жануар

Күлeді әлeм.
Жарылмай тұр бақыттан жүрeгі әрeң.
Аузы ашылып,
қанатын жайып тұрып,
Құлап түсті қайтадан – мінe, бәлeм!
Жас та, қарт та аузына иe бoлмай,
Құлап жатыр күнәмeнeн.
Жануар да күлeді құтты іңірдe,
Күлкі бұзып ажарын тіпті, мүлдe.
Аң тeрісі сыңғырлап, түбіт билeп,
Бара жатыр жeрдің бар түпкіріндe, –
Құстар қауырсындарын түтті біргe.
Жануар да күлeді – сeзгeні кeм,
Шауып қашып жүр күлкі-бeзгeгімeн.
Күлeді әлeм, күлeді жануар да –
Бәрі қашып баратыр өздeрінeн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу