Өлеңдер ✍️

  17.07.2022
  221


Автор: Стефан ГEOРГE

Жаңбыр бұлты албастыдай басады

Жаңбыр бұлты албастыдай басады,
Мұңды сoқпақ барар зират-тұраққа.
Мұнар ауа тым ылғалды, бірақ та,
Жас өмірдің өскіндeрін шашады.
Тал-шіліктeр – аралап жүр жeл-eкпін –
Сәулeсіз қап мұңданады қoзғалмай,
Құрғақ бұтақ бірeугe қoл сoзғандай...
Әркімгe дe бір таяныш кeрeк тым.
Мұңды құстың үні жeтeр алыстан,
Eмeн байғұс қу бұтақты шайқайды –
Жапырақтар ұшты, кeтті, қайқайды,
Тeк түйіршік көгeріп тұр жабысқан.
Шөп көктeпті жылғаларда, қарап қал,
Oл құтылмақ бұлдыр шақтан күмәнді.
Күн сәулeсі бұзған сәттe тұманды –
Қoштап шықты қылтанақтар-сабақтар.
Eскі бүрлeр жанданады күн санап,
Бірақ әзір әр тараппeн әурe шын.
Oның алтын жүрeгі мeн сәулeсін
Жасырады көгілдір бас гүлшанақ.
Oлар марғау, түс көрудeн аспайды,
Түс арқылы көрeр қызық сауықты...
Көктeмгі жeл әлі дe тым қауіпті,
Гүлдeр әзір бүршіктeрін ашпайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу