Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  79


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әкем қайтты...

Әкем қайтты...
Шешем қайтты...
«Құдай қайтып алды» – дедік.
Қайғы-мұңым жанға батты,
«Құдай басқа салды» – дедік.
Қыршын жаста қайтып ұлым,
Бір қанатым солды, семіп.
Құрдастарым кетіп бұрын,
Барар жерім қалды кеміп.
Биіктесем төбені асып,
Аласардым тауды көріп.
Достың көбі кетіп қашық,
Қуанбадым жауды жеңіп.
Көңіл талай отқа күйген
Барлығынан болды жеріп.
Құтылармын бұл фәниден
Әзірейілге жанды беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу