Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  84


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Адам қайтты –

Адам қайтты –
Тоқтағанмен басқа амал,
Ізгі іс қалды артында.
Адам қайтты –
Бұзылмайтын бас қамал –
Білім қалды артында.
Адам қайтты –
Оқып дұға, еске алар
Ұрпақ қалды артында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу