Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  138


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Теріс сөйлеп, теріс жүріп...

Теріс сөйлеп, теріс жүріп,
Жара шықса ерінге,
Көрсететін теріс қылық
Көбейіп тұр елімде.
Тұрып сөйлеу, тұрып ішу
Дағды болған халқыма,
Сол ішкенді қайта құсу
Ата-баба салты ма?
Оң қолыңа пышақ беріп,
«Сол қолыңмен же!» – деген,
Бұзатұғын дінді берік
Малғұн еді не деген.
Барлық істе адал боп қал,
«Бісімілла!» – деп кіріссең,
Ас жесең де – оң қолмен ал,
Оң қолмен іш – су ішсең.
Жаман әдет елге мін боп,
Түскен құрттай егінге,
Арамдардан жұққан індет
Көбейіп тұр жерімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу