Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  99


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ардан аттап кіл бұзық...

Ардан аттап кіл бұзық,
Болмас істі қылғызып,
Тоқтамайтын жерге де
Аттың басын бұрғызып.
Алдап табыс кіргізіп,
Жалған куә жүргізіп,
Ит жоқ жерде шошқаны
Қойғандар бар үргізіп.
Жаңа қазақ тіл бұзып,
Шала ақындар жыр бұзып,
Дүмше молда дін бұзып,
Болып жатыр шын «қызық».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу