Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  52


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көрген кезде жанатын іш...

Көрген кезде жанатын іш,
Батқан күн мен таң атқан.
Неткен ғажап жаратылыс,
Авторы оның – Жаратқан.
Жылтыраққа болған құмар,
Надан ғана ұқпайды.
Жасанды гүл әсем шығар,
Бірақ, иісі шықпайды.
Тұрған жерге табан тіреп,
Таң қалса да көп, мейлі,
Суретшілер салған сурет
Түпнұсқаға жетпейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу