Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  134


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жан мен тәннің бірлігі...

Жан мен тәннің бірлігі,
Ол – адамның ірілігі.
Екеуін бір байлаған
Ақиқаттың кіндігі.
Тірі ме, әлде, өлі ме,
Індет кірсе тәніңе,
Тексеретін күн туса,
Жан жауапты бәріне.
«Жаным-ай!» – деп жиі айтып,
Қайтем сені мұңайтып.
Ажал төніп тұрса да,
Тұру керек шын айтып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу