Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  68


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаман дегенім жақсы боп...

Жаман дегенім жақсы боп,
Жақсы дегенім жаман боп,
Молшылық кейде тапшы боп,
Айырар бәрін шамам жоқ.
Не десе десін саған көп,
Тірлікте жасар амал көп.
Жүректің сөзін сөйлеуге
Кей кезде мүлде шамам жоқ.
Көңілім қырық жамау боп,
Жолдарым тоқсан тарау боп,
Таңдауды дұрыс жасауға
Шынында, кейде шамам жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу