Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  65


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жемісі тәтті, сабағы тікен...

Жемісі тәтті, сабағы тікен,
Өмірдің өзі әсем гүл екен.
Бал жинап жүрсе гүлдерден ара,
Ұстаған жанның саусағы жара.
Гүлдің де, бірақ, ғұмыры қысқа,
Көктемде жайнап, шыдамас қыста.
Әр күні дастан, таусылмас арман,
Өтеді-ау бастан дүния-жалған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу